Су тасқынынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлады turkystan.kz.
ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы филиалдарының медицина қызметкерлері эвакуацияланған халықты тексеріп, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіп жатыр.
«Тәулігіне АМО қызметкерлері 800-ден астам адамды қарады, оның ішінде 268 бала бар. 80 адамға медициналық көмек көрсетілді, 4 адам ауруханаға жатқызылды. ТЖ туындаған сәттен бастап зардап шеккен халыққа 1060 жағдайда психологиялық көмек көрсетілді», - делінген хабарламада.