Әскери ұшқыштар су тасқыны аймақтарына 300-ден астам рет ұшты

Су тасқыны басталған уақыттан бастап ҚР ҚК жеке құрамы 2 мыңнан астам адам, 105 бірлік әскери техника, 15 тікұшақ, сондай-ақ 4 ұшақ жұмылдырылған.

Әскери ұшқыштар су тасқыны аймақтарына 300-ден астам рет ұшты
ortcom.kz

ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулиннің айтуынша, 27 наурыз бен 6 сәуір аралығында ҚР ҚК жеке құрамы 2 мыңнан астам адам, 105 бірлік әскери техника, 15 тікұшақ, сондай-ақ 4 ұшақ жұмылдырылған. Бұл туралы ол ОКҚ алаңында орналасқан республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте хабарлады.

ҚР ҚК жеке құрамымен 2 мыңнан астам адам эвакуацияланды, оның ішінде 625 бала бар. Тікұшақтар 296 рет және ұшақтар 7 рет ұшты. Бұл туралы ол ОКҚ алаңында орналасқан республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте хабарлады. Сондай-ақ 79 мың келі гуманитарлық жүк тасымалданды. Қостанай, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы, сондай-ақ Абай облысындағы су басу аймақтарынан адамдарды эвакуациялау жүзеге асырылды.

«Президенттің тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта Ақтөбе облысының Ойыл ауданына әскери инженерлер келді. Қазіргі уақытта олар 150 адамды эвакуациялады», - дейді Р.Жангулин.