Парадзюдошы Ерғали Шәмей Түркияда өткен жарыста жүлдегер атанды

Аталған байрақты бәсекеге елімізден барлығы 17 спортшы қатысты.

Парадзюдошы Ерғали Шәмей Түркияда өткен жарыста жүлдегер атанды
Қазақстан пара дзюдо федерациясы

Түркияның Анталья қаласында өткен пара дзюдодан дәстүрлі халықаралық «Grand Prix – 2024» додасында елордалық спортшы Ерғали Шәмей қола жүлдегер атанды. 

Қазақстан пара дзюдо федерациясының мәліметінше, Ерғали Шәмей 73 келіге дейінгі салмақта J1 санатында үздік үштікке іліккен. Ол – халықаралық турнирде ел намысын қорғаған, пара дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі.

Айта кетсек, аталған байрақты бәсекеге елімізден барлығы 17 спортшы қатысты.