Жеңіс күніне арналған әскери шеру өте ме? – Министрлік жауап берді

Соңғы рет Қазақстан армиясының қуаты 2018 жылы таныстырылды.

Жеңіс күніне арналған әскери шеру өте ме? – Министрлік жауап берді
ru.wikipedia.org
897

Қорғаныс министрлігі елімізде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған әскери шеру өтпейтінін мәлімдеді.

«Қазақстанда 2024 жылы әскери парад өткізу бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланбаған. Атап айтқанда, Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының қажетті деңгейін ұстап тұру басымдық болып табылады», - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанда екі жылда бір рет әскери шеру өткізіледі. Соңғы рет Қазақстан армиясының қуаты 2018 жылы таныстырылды.

2020 жылы шеру коронавирус пандемиясына байланысты өтпеді.

2022 жылы әскери шеру өткізілмеді, бірақ ведомство Республика Қарулы Күштерінің құрылуының 30 жылдығына орай әскери қызметтің имиджі мен беделін арттыруға бағытталған әскери-патриоттық бағыттағы іс-шаралар өткізді.

Серіктес жаңалықтары