Тікелей эфирде бір жасар баланы темекі шегуге мәжбүр еткен ер адам ұсталды

Ол осы арқылы әлеуметтік желідегі парақшасына көп аудитория жинамақ болған.

Тікелей эфирде бір жасар баланы темекі шегуге мәжбүр еткен ер адам ұсталды
Видеодан алынға скрин

Әзербайжанның әлеуметтік желілер кеңістігінде ер адамның жас баланың ерніне темекі тұқылын қыстырған видеосы тарады. Осыған байланысты полиция тергеу жүргізді, деп хабарлады turkystan.kz.

Әзербайжан Республикасының ІІМ баспасөз қызметінің аға инспекторы Эльбрус бір жасар ұлының ауызына темекісін тықпалаған 1993 жылы туған Мұхаммед Набили есімді азаматтың ұсталғанын мәлімдеді. М. Набили бұл әрекетті әлеуметтік желідегі парақшасына көп аудитория жинау үшін жасағанын айтқан.

Тікелей эфирде баласын алдына алып оғаш қылыққа барған азаматқа заңнамаға сәйкес шара қолданылады.