Түркиядағы түнгі клубтардың бірінде 29 адам қаза тапты

Қаза тапқандардың көпшілігі құрылысшылар.

Түркиядағы түнгі клубтардың бірінде 29 адам қаза тапты
Фото: ANADOLU AGENCY
780

2 сәуір күні Ыстамбұлдағы тұрғын үйлердің бірінен шыққан өрт салдарынан 29 адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

Ыстамбұл қаласының губернаторының айтуынша, өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 12:47- 16 қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде тұтанған.

- Өкінішке қарай, өрт сөндірушілер тілсіз жауды өшіреміз дегенше 25 адам қаза тапты. Бұл тізім тағы төрт адамға көбейді - деді қала губернаторы Дәуіт Гюл.

Қаза тапқандардың көпшілігі клубта жұмыс істеген құрылысшылар.

Билік өрттің шығу себебін анықтауда. Оқиға орнында өрт сөндірушілер, дәрігерлер мен полицейлерден құралған топ жұмыс істеп жатыр.

Өртті сөндіруге барлығы 80-нен астам өрт сөндіруші мен 30 техника жұмылдырылды.

 

Серіктес жаңалықтары