Шымкентте 800-ден астам еңбек мигранты еліне қайтарылды

Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы хабарлады.

Шымкентте 800-ден астам еңбек мигранты еліне қайтарылды
egemen.kz
613

Шымкент қаласының прокуратурасы көші-қон заңнамасын талдау шеңберінде шетел азаматтары жалған медициналық анықтамалар мен сақтандыру полюстерін ұсыну фактілерін анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 815 шетелдік азаматқа еңбек қызметіне заңсыз берілген рұқсаттар жойылып, елден шығарылды.

«Сонымен қатар, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы мен маманы тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.

Бұрын еңбек қызметін жүзеге асырған 6 мыңнан астам еңбек мигранттарына қатысты осындай бұзушылықтар анықталды.

Жоғарыда аталған бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында уәкілетті орган «Qr» коды арқылы тексерілгеннен кейін ғана медициналық анықтамаларды қабылдау тәжірибесін енгізді.

Серіктес жаңалықтары