Астанада автобус өртеніп кетті

Астана ТЖД мәліметінше, құтқарушылар өртті ауыздықтаған

Астанада автобус өртеніп кетті
Видеодан алынған кадр

Астанада автобус өртеніп кетті, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгерлер "Премьера" тұрғын үй кешені маңындағы Қабанбай батыр көшесінде автобус өртеніп кеткенін айтты.

Астана ТЖД мәліметінше, құтқарушылар өртті ауыздықтаған.

30 наурызда сағат 14:27-де Астана ТЖД өртсөндірушілері Қабанбай батыр даңғылы 5/3 мекенжайы бойынша автобус жанып жатқан жерге шықты. Өртсөндірушілер жеткеннен кейін автобустың қозғалтқышы жанып жатқанын анықтады. 14:35-те өрт оқшауланды, 14:40-та өшірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, - деді Астана ТЖД баспасөз қызметі өкілі.