Ұлттық қауіпсіздік комитеті су тасқынына қатысты мәлімдеме жасады

Шекара қызметі шекараның осы учаскелеріндегі өткізу пунктерінің алдында кептеліс пайда болғанын хабарлайды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті су тасқынына қатысты мәлімдеме жасады
ҰҚК
740

Су тасқынына байланысты қазақ-орыс шекарасында көлік жиналып қалды. Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Абай және Қостанай облыстарында қалыптасқан күрделі су тасқыны жағдайына байланысты Қазақстан-Ресей шекарасының жекелеген бағыттарында республикалық және халықаралық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелуі мүмкін, деп хабарлады turkystan.kz.

Өз кезегінде шекара қызметі шекараның осы учаскелеріндегі өткізу пунктерінің алдында кептеліс пайда болғанын хабарлайды. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қозғалыс маршрутын түзетуді ұсынамыз, - дейді комитеттен.

Серіктес жаңалықтары