Теміртауда төтенше жағдай режимі енгізілді

Теміртау қаласы әкімдігінің хабарлауынша, жөндеу жұмыстарын учаскенің өзен арнасында орналасуы қиындатып отыр

Теміртауда төтенше жағдай режимі енгізілді
wikimedia

Бұл туралы бүгін қала әкімі Ораз Тәуірбеков мәлімдеді, деп жазады turkystan.kz.

Құрметті теміртаулықтар, кеше Оң жағалау тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін су құбыры учаскесінде пайда болған технологиялық ақауға байланысты, біз бұл аймаққа ауыз су беруді уақытша тоқтатуға мәжбүр болдық. Қалыптасқан жағдайдың барлық салдарын ескере отырып және қолданыстағы заңнаманың нормаларын басшылыққа ала отырып, мен төтенше жағдай режимін жарияладым, - деді Теміртау қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков.

Теміртау қаласы әкімдігінің хабарлауынша, жөндеу жұмыстарын учаскенің өзен арнасында орналасуы қиындатып отыр. Маусымдық су тасқыны салдарынан жөндеу бригадаларының оған қатынауы да қиын.