Әбиба Әбужақынова Түркиядағы турнирдің қола жүлдегері атанды

Ол ресейлік Сабина Гилязованы жеңді

Әбиба Әбужақынова Түркиядағы турнирдің қола жүлдегері атанды
Ашық дереккөз

Әбиба Әбужақынова дзюдодан Антальяда өткен Grand Slam турнирінің қола жүлдесін еншіледі, деп хабарлады turkystan.kz.

48 келіде сынға түскен ол қола медаль үшін күресте ресейлік Сабина Гилязованы тізе бүктірді.

Төрешілер ресейлік спортшыға үш ескерту жасап, нәтижесінде отандасымыз жеңімпаз ретінде танылды.