«Оқжетпес» футбол клубы қызметкерлеріне 425 миллион теңге қарыз болған – прокуратура

Кінәлілер жауапкершілікке тартылды

«Оқжетпес» футбол клубы қызметкерлеріне 425 миллион теңге қарыз болған – прокуратура
freepik.com

Көкшетау қалалық прокуратурасы «Оқжетпес» футбол клубының жұмысшыларының құқығын қорғады, деп хабарлады turkystan.kz ведомствоның бапсасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, «Оқжетпес» футбол клубы жалпы саны 160 жұмысшыға 425 миллион теңге қарыз болып қалған екен.

"Прокуратура органдары жұмыс берушілердің тарапынан еңбек заңнамасын сақталуына ерекше көңіл бөледі.

Қадағалау қызметі барысында Ақмола облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы жанындағы «Оқжетпес» Футбол клубы ШЖҚ МКК-да жалпы сомасы 425 млн. теңгеге 160 қызметкерге жалақы берешегі бар екені анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша қызметкерлер алдындағы қарыз толық өтелді, кінәлілер заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды", – делінген жазбада.