Сенсация: Сағындық Тоғамбай Бакуде әлем чемпионын жеңіп, алтын жүлде иеленді

Оған дейін Дархан Дүйсебай (71 ккелі) мен Талғат Сырымбетов (60 келі) екі алтын медаль салған болатын.

Сенсация: Сағындық Тоғамбай Бакуде әлем чемпионын жеңіп, алтын жүлде иеленді
Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Әзербайжан астанасы Баку қаласында өткен «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирінде алтын жүлде иеленді, деп хабарлайды turkystan.kz.

92 келіде қолғап түйістіретін Сағындық финалда алаң иесі Альфонсо Домингесіне қарсы жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті.

Оған дейін Қазақстан қоржынына Дархан Дүйсебай (71 ккелі) мен Талғат Сырымбетов (60 келі) екі алтын медаль салған болатын.

Ал Тимур Қабдешов (54 келі) пен Темәртас Жүсіпов (48 келі) финалда қарсыластарына есе жіберіп, күміс жүлдені еншіледі.