Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Люксембург футболшыларынан жеңіліп қалды (ВИДЕО)
Финалдық ойында Грузия жеңіске жетіп, өз тарихында бірінші рет Еуропа чемпионатында өнер көрсетпек
Футболдан Қазақстан құрамасы Люксембург командасымен өткен жолдастық кездесуде қарсылас командаға есе жіберді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Стад-де-Люксембург» стадионында өткен бұл кездесуде алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл ойын ештеңеге әсер етпейді. Екі құрама бұған дейін Ұлттар лигасы плей-офф кезеңінің жартылай финалында қарсыластарына есе жіберіп қойған еді.
Люксембург: Морис, Бонерт, Мартенс, Жерсон, Янс, Синани, Баррейру Мартинш, Мартинс, Олесен, Боржеш Саншеш, Родригес;
Қазақстан: Шацкий, Асранкулов, Алип, Марочкин, Быстров, Тапалов, Зайнутдинов, Садыбеков, Тағыберген, Оразов, Самородов.
Люксембург — Қазақстан 2:1 (2:1)
Голдар: Садыбеков 2 (1:0), Родригес 24 (1:1), Синани 45 (2:1).
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы плей-офф кезеңінің жартылай финалында Грекияға есе жіберіп, 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктейтін соңғы финалдық ойынына қатысу мүмкіндігін мүлт жіберіп алған болатын.
Ал гректер финалдық ойында Люксембург командасын жеңген Грузия ойыншыларымен кездесіп, соңында бұл ойын пенальти сериясына дейін жалғасты. Грузия пенальти сериясы бойынша жеңімпаз атанып, өз тарихында бірінші рет Еуропа чемпионатына жолдама алды.