Қазақстандық эстрада жұлдыздары Бейжіңде өнер көрсетеді

2024 жыл Қытайда қазақстандық туризм жылы болып жарияланды.

Қазақстандық эстрада жұлдыздары Бейжіңде өнер көрсетеді
Gov.kz
812

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, ҚР еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы, опера әншісі Зарина Алтынбаева, «Ұлытау» этно-рок тобы, Абай атындағы ҚазҰОБТ хор ұжымы, «Серпер» және «Сазген сазы» ансамбльдерінің шығармашылық ұжымдары, «Астана Балет» балет труппасы Қытайдағы қазақстандық туризм жылының ашылуына орай өтетін гала-концертке қатысады, деп хабарлады turkystan.kz inform.kz сайтына сілтеме жасап.

29 наурызда Бейжіңдегі China National Opera House сахнасында Қытайдағы қазақстандық туризм жылының ашылу салтанаты өтеді.

Қытайдағы қазақстандық туризм жылының ашылуы аясында 30 наурызда бейжіңдік танымал 798 арт аймағының алаңында «Наурыз Фест» өтеді.

Қазақстандық әртістер мен шығармашылық ұжымдар Бейжің қонақтары мен тұрғындары үшін ауқымды мерекелік бағдарлама дайындады.

ҚХР астанасындағы ірі заманауи өнер орталығында «Сүгір» қазақ халық аспаптар оркестрі мен «Яссы» би ансамблі өнер көрсетеді.

Еске сала кетсек, 2024 жыл Қытайда қазақстандық туризм жылы болып жарияланды.

Серіктес жаңалықтары