«Ұлы Жібек жолы» турнирі: Қазақстандық үш боксшы жартылай финалға шықты

60 келі салмақта Талғат Сырымбетов, 71 келіде Дархан Дүйсебай, 86 келіде Бекзат Таңатар ширек финалда жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.

«Ұлы Жібек жолы» турнирі: Қазақстандық үш боксшы жартылай финалға шықты
olympic.kz

Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан «Ұлы жібек жолы» халықаралық турнирінің екінші жарыс күнінде үш боксшымыз жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Алдымен 60 келі салмақта ширек финалда Талғат Сырымбетов венгриялық Марк Адоль Балохты еш қиындықсыз жеңіп, тіпті, қарсыласын үшінші раундта нокдаунға жіберді. Осылайша қазақстандық былғары қолғап шебері жартылай финалға жолдама алды.

Сондай-ақ, 71 келіде Дархан Дүйсебай әзербайжандық Наби Искандаровты сүріндіріп, жартылай финалға шықты.

Ал Бекзат Таңатар (86 келі) өзбекстандық тәжірибелі боксшысы Самандар Джалоловты қапы қалдырды. Нәтижесінде енді ол жартылай финалда бақ сынайды.

Айта кетсек, аталған турнирдің алғашқы жарыс күнінде алты қазақстандық спортшының екеуі ғана жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.