Ақмола облысындағы аудандардың бірінде үйлерді су басқан

Еріген қар суы төменде орналасқан үйдің маңында жинақталғаны белгілі болды.

Ақмола облысындағы аудандардың бірінде үйлерді су басқан
qazaqstan.tv
785

Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Анар стансасының жергілікті тұрғындары 1403 байланыс орталығына хабарласып, жол астындағы құбырдан су кетіп, үйлерді су алып жатқанына шағымданған, деп хабарлады turkystan.kz.

Zakon.kz сайтының мәліметінше, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі мамандар дереу тұрғындармен хабарласып, ол аумақтағы құбырлардың таза, қалыпты жұмыс істеп тұрғанын анықтағанын жеткізді. Тек еріген қар суы төменде орналасқан үйдің маңында жинақталғаны белгілі болды.

"ДЭУ 47 мамандары суды басқа бағытта ағызу үшін траншеяларды қазу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, жол тәулік бойы филиал мамандары тарапынан бақылауға алынды", - делінген ведомство хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары