Қоңқабаев Бакудегі турнирде Ресей боксшысынан жеңіліп қалды

Егер ол жартылай финалға шыққанда Баходир Жалоловпен кездесер еді

Қоңқабаев Бакудегі турнирде Ресей боксшысынан жеңіліп қалды
olympic.kz

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Бакудегі турнирді сәтсіз аяқтады. Бірінші жекпе-жегін ширек финалдан бастаған жерлесіміз Ресей боксшысы Рамазан Карнукаевтан жеңіліп қалды, деп жазады turkystan.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Осылайша қазақ жанкүйерлерінің басты үміттерінің бірі елге медальсыз қайтады. Егер Қамшыбек жартылай финалға шыққанда ол өзбектің әйгілі боксшысы Баходир Жалоловпен кездесер еді.

Айта кетейік, Бакуде өтіп жатқан «Ұлы Жібек жол» турнирінде бүгін алты боксшымыз жарыс жолына шығып олардың төртеуі жеңілді. Тек 48 келіде Теміртас Жүсіпов пен 92 келідегі Сағындық Тоғамбай бірінші кездесулерін жеңіспен бастады.