Алматы облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Оқиға орнында тиісті жол белгілері орнатылды

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты
Ашық дереккөз

Алматы облысында "Daewoo" көлігі мен "DAF" жүк көлігі соқтығысып, 3 адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

Трагедия 23 наурызда сағат 14:45 шамасында "Екатеринбург-Алматы" тас жолының 2 460 шақырымында болды.

Алдын ала мәліметке сәйкес "Daewoo" көлігінің жүргізушісі көлікке ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, "DAF" жүк көлігімен соқтығысқан.

Осы оқиға салдарынан 3 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алды. Оқиға орнында тиісті жол белгілері орнатылды.