718
ҰҚК Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы ұзын-сонар кезек туралы айтты
Мемлекеттік шекара арқылы өткізу штаттық режимде жүзеге асырылады.
Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттеріндегі ахуал белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Өзбекстан Республикасымен шекарадағы өткізу пункттерінің алдында Қазақстан Республикасынан шығуға адамдардың, көлік құралдарының жиналуы байқалатынын хабарлайды.
Бұл «Наурыз мейрамын» мерекелеу кезеңінде елімізден басым бөлігі шетелдік азаматтардың шығуына, сондай-ақ «Қапланбек», «Тәжен», «Атамекен» және «Қазығұрт» өткізу пункттерінің қайта жаңартылуына байланысты, - делінген ақпаратта.
Мемлекеттік шекара арқылы өткізу штаттық режимде жүзеге асырылады, өткізу пункттеріндегі жағдайды бақылау бойынша шаралар қабылданды.