Қазақстан құрамасы тарихи антирекорд орнатты

32 жыл ішінде құрама 240-тан астам ойын өткізді.

Қазақстан құрамасы тарихи антирекорд орнатты
Фото: Reuters

Қазақстан ұлттық құрамасы тарихи антирекорд орнатты деп хабарлайды turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық құрама өз тарихында бірінші рет бірінші таймда бірден төрт гол жіберіп алды. Бұл нәтиже Ұлттар лигасының жартылай финалында сырт алаңда Грекия командасына қарсы ойында тіркелді. Ойын 5:0 есебімен аяқталды.

32 жыл ішінде құрама 240-тан астам ойын өткізді. Осы жылдар ішінде команда бірінші таймда бірнеше рет үш гол жіберіп алған кезі болған, алайда бұрын-соңды төрт гол жібермеген.