CҚО-да мектеп оқушылары 68 жастағы азаматты құтқарып қалды

Чаглин орта мектебінің 16 және 17 жастағы 2 оқушысы 68 жастағы азаматты құтқарып қалған.

CҚО-да мектеп оқушылары 68 жастағы азаматты құтқарып қалды
СҚО ТЖД

Солтүстік Қазақстан облысы, Шағалалы ауылында тұратын оқушылар пәтер зейнеткерді құтқарып қалған, деп хабарлайды turkystan.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.


"СҚО Шағалалы ауылында көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің бірінде өрт болған. Өрт алаңы 1 ш.м. Өрт ерікті өрт құралымының күшімен жойылды.
Өрт болған жерге өрт сөндірушілер келгенге дейін Чаглин орта мектебінің 16 және 17 жастағы 2 оқушысы 68 жастағы азаматты құтқарып қалған.
Өрттің себебі  – жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу" делінген жазбада.