Бүгін 5 қалада ауа сапасы нашарлайды

22 наурызда еліміздің бірнеше қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі.

Бүгін 5 қалада ауа сапасы нашарлайды
Turkystan.kz

Атап айтқанда, Павлодар, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе мен Астанада ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеожағдай кезінде ұсынылатын кеңестер:

Ашық ауада, әсіресе автотрасса немесе басқа да ластану көздерінде болу уақытын қысқарту;

Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту;

Жүрек-қантамыр, өкпенің созылмалы аурулары, аллергиялық аурулары бар адамдарға ашық ауада болған жағдайда дәрілерін бірге алып жүру;

Ашық аспан астында физикалық жүктемені азайту. Спорт және дене шынықтырумен жабық спорт кешендерінде айналысу.