Әзілкеш Мереке Қалбаева отбасылық қағида туралы ойын бөлісті

Актриса өзінен 8 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан.

Әзілкеш Мереке Қалбаева отбасылық қағида туралы ойын бөлісті
Shazam.kz

Танымал әзілкеш, КВН ойындарының жұлдызы, блогер Мереке Қалбаева әйелдерге кеңес берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Stan.kz ақпарат агенттігінің мәліметінше, осыдан жеті жыл бұрын, актриса өзінен 8 жас кіші жігітке тұрмысқа шығып, көпшіліктің сынына ұшыраған еді. 

"Қыздар, менің түсінгенім, сен мың жерден мықты әйел бол, қырып-жойып ақша тап, тауды қопарып тірлік қыл, бірақ күйеуіңнен бір саты төмен тұрмай, сыйламасаң, онда ақшаңның берекесі болмайды. "Ақылдылар көбейген" демеңдер. Басымнан өткен соң бөлісейін дедім. Үйленген соң бастапқы жылдары Арекеңді (күйеуі Арсен) тыңдағым келмей, сөз қайтарып, а десе мә деп, болмайтын жерден ұрыс шығарғым келіп жүргенде, нәтижесі ажырасуға бір қадам болды. Ол кезде үйіміз жоқ, қарыз көп, пәтердің жағдайы нашар,береке де, тыныштық та жоқ еді. Одан соң өзіме "Мереке, сен қуасың ба? Ол ішпейді, шекпейді, ұрмайды, басқа қыздарға қарамайды, сені ғана сүйеді. Сонда саған не керек? Таңда! Арсенді алға шығарып, өзің соған арқа сүйейсің. Болмаса, ажырасасың!" деп өз-өзіме таңдау жасаттым. Не керек, Арсен іске кірісіп еді, бірден байып кеттік, шүкір!", – деп жазды белгілі блогер.