Павлодарда қоштасу хатын жазып, үйінен кетіп қалған жігіт табылды
Кеше жігіттің анасы бейнеүндеу жасап, ұлының үйге қайтуын өтінген.
29 жасар ер адам үйден кетерінде әлеуметтік желідегі барлық парақшаларын өшіріп, туысқандарына қоштасу хатын жазып кеткен. Оны іздеуге полиция мен VITA еріктілер жасағы жұмылдырылды, деп хабарлады turkystan.kz inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы ең әуелі VITA еріктілері хабарлады.
«Азамат Бақытұлы Исмурзинов 13 наурыз күні үйінен шығып кеткеннен оралмаған. 1995 жылы туған, бойы 170 см, арықшалау келген, шашы қара түсті, көзілдірік тағады. Үстінде жасыл түсті күртешесі, аяғында ашық қоңыр түсті бәтеңке болған. Азаматтың достары ол әрдайым күлімсіреп жүретін, ақылды жігіт, бірақ бойында бір құпияны ұстап жүретіндей көрінетін еді дейді. Азаматты Павлодар қалалық Оңтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері іздеп тапты» деп мәлімдеді VITA жасағының өкілдері.
Кеше жігіттің анасы бейнеүндеу жасап, ұлының үйге қайтуын өтінген.
Сол хабарлама әсер етті ме екен, бүгін табылғаны хабарланды.