Елімізде 18 жаңа қала пайда болуы мүмкін

Тізімде Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы ауылдар бар.

Елімізде 18 жаңа қала пайда болуы мүмкін
pixabay

Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанда қалаға айналуы мүмкін ауылдардың тізімін ұсынды. 

Қалаға айналуы мүмкін елді мекендердің қатарында Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы ауылдар бар:

  1. Қарғалы ауылы (Алматы облысы);
  2. Өтеген батыр ауылы (Алматы облысы);
  3. Боралдай ауылы (Алматы облысы);
  4. Ұзынағаш ауылы (Алматы облысы);
  5. Сарыкемер ауылы (Жамбыл облысы);
  6. Қордай ауылы (Жамбыл облысы);
  7. Жаңақорған ауылы (Қызылорда облысы);
  8. Шиелі ауылы (Қызылорда облысы);
  9. Әйтеке би ауылы (Қызылорда облысы);
  10. Қызылтөбе ауылы (Маңғыстау облысы);
  11. Атамекен ауылы (Маңғыстау облысы);
  12. Маңғыстау ауылы (Маңғыстау облысы);
  13. Басқұдық ауылы (Маңғыстау облысы);
  14. Рахат ауылы (Маңғыстау облысы);
  15. Бейнеу ауылы (Маңғыстау облысы);
  16. Манкент ауылы (Түркістан облысы);
  17. Ақсукент ауылы (Түркістан облысы);
  18. Қарабұлақ ауылы (Түркістан облысы).