Ерке Есмахан күйеуіне Президенттің қандай сыйлық тарту еткенін көрсетті

Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасына фото жариялады.

Ерке Есмахан күйеуіне Президенттің қандай сыйлық тарту еткенін көрсетті
astanatv.kz

Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің креативті индустрия өкілдері – блогер, актер, әншілермен кездескен болатын. Әнші Ерке Есмахан президенттің күйеуіне қандай сыйлық тарту еткенін көрсетті, деп жазады turkystan.kz Nur.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Президенттің сыйлығын Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасына жариялады.

«Кеше Президенттің сыйлыққа не бергенін мен көрсетпесем, Раим көрсетпейді. Сол үшін маған «жарайсың» деп қойыңыздар», – деп жазды Ерке Есмахан.

Әнші жариялаған суреттен блокнот пен қаламды және мемлекеттік елтаңбасы мен Qazaqstan деген жазуы бар сағатты, сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың ашық хатын көруге болады.