1250
Алаяқтық үшін іздеуде жүрген күдікті Түркияда ұсталды
Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды
Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген күдікті Түркияда ұсталып, елге жеткізілді, деп жазады turkystan.kz.
Әйел топ құрамында алдын ала сөз байласу арқылы Kolesa.kz сайтында автокөліктерді сату туралы хабарландыру жариялап, азаматтарды үлкен сомаға алдаған. Полиция алаяқтықтың 17 фактісін тергеп жатыр.
Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.