Алматыда көлік ағашқа соғылып, бір адам көз жұмды

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді

Алматыда көлік ағашқа соғылып, бір адам көз жұмды
Ашық дереккөз

Алматыда Mitsubishi көлігі ағашқа соғылып, жүргізушісі мерт болды. Жол апаты 17 наурызда шамамен сағат таңғы сағат 05:10-да Сейфуллин даңғылында болған, деп жазады turkystan.kz.

Mitsubishi көлігінің жүргізушісі 1985 жылы туған азамат Ж., Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатып, Мақатаев көшесінің қиылысында рульге ие бола алмай ағашқа соғылды. Алған жарақатынан жүргізуші қаза тапты. Бір жолаушы зардап шекті.

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.