Түркістанда екі көлік соқтығысып, өртеніп кетті

Зардап шеккендер жоқ

Түркістанда екі көлік соқтығысып, өртеніп кетті
ТЖМ

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында жеңіл автокөлік пен "Зил" маркалы жүк көлігі соқтығысып қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға бүгін 16 наурызда күндізгі уақытта болған. Оқиға салдарынан жүк көлігінің кабинасы жанып кетті. Өрт сағат 16:10-да сөндірілді.

Оқиға орнына облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 10-ға жуық адам және 3 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.