2246
Алматыда полиция офицерлері адамды азаптады деген күдікпен ұсталды
Мұндай құқықбұзушылық үшін оларды 5 мың АЕК (18,4 миллион теңге) айыппұл немесе 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза күтіп тұр
Бас прокуратура өкілдері Алматы облысының бұрынғы полиция қызметкерлерін ұстады, деп жазады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.
42 жастағы полиция подполковнигі Серік Тұрпанбаев Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ОПБ бастығы қызметін атқарған. Ал 37 жастағы полиция майоры Сопақов Қарасай ауданы бойынша аға инспекторы болған.
Олар Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігі («Азаптау») бойынша айыпталып жатыр. Мұндай құқықбұзушылық үшін оларды 5 мың АЕК (18,4 миллион теңге) айыппұл немесе 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза күтіп тұр.
Екі полицей де Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.