Қазақстанның барлық өңірінде «Жер сағаты» экологиялық акциясы басталады
«Жер сағаты акциясы - Дүниежүзілік жабайы табиғат Қоры өткізетін жыл сайынғы халықаралық іс-шара.
Бүгін Қазақстанның барлық өңірлерінде жыл сайын ұйымдастырылатын Халықаралық акция аясындағы «Жер сағаты» экологиялық науқаны өтеді, деп хабарлады turkystan.kz.
Акцияға «Жер елшілері» - мектеп парламенттерінің өкілдері, эко-белсенділер, экология саласындағы сарапшылар және оқушылардың ата-аналары қатысады.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, іс- шараның мақсаты-балалар мен жастардың санасына эко-белсенділік және экологиялық мінез-құлық идеяларын сіңіру, экологиялық мәдениет дағдыларын дамыту.
«Жер сағаты акциясы - Дүниежүзілік жабайы табиғат Қоры өткізетін жыл сайынғы халықаралық іс-шара. Ол барлық адамдарды табиғатқа ұқыпты қарауға шақырады. Шара аясында климаттың өзгеруіне байланысты адамзатты электр энергиясын тиімді пайдалануға шақыру мақсатында әлемдік маңыздағы сәулет ескерткіштері мен ғимараттары өз жарықтарын өшіреді. Сондай-ақ жеке тұлғалар, кәсіпорындар мен білім беру ұйымдары және мемлекеттік мекемелер, коммерциялық ұйымдар электрден бір сағатқа бас тартады», – деп атап өтті Оқу-ағарту министрлігі «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК директоры Раиса Шер.
Акция шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылады:
Сонымен қатар еліміз бойынша «Бұл біздің - Қазақстан» марафон флешмобы өтеді.