Пара алып, жазаны жеңілдетпек болған тергеуші сотталды

Пара алып, жазаны жеңілдетпек болған тергеуші сотталды

Пара алып, жазаны жеңілдетпек болған тергеуші сотталды
ашық дереккөзі
Алматы облысы, Көксу ауданындағы Ішкі Істер басқармасының тергеушісі сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көксу аудандық сотында аудандық Ішкі істер бөлімінің тергеушісі І.Есімжановқа қатысты қылмыстық іс қаралған болатын. Материалға сәйкес, Көксу аудандық Ішкі істер бөлімінің тергеушісі өзінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде өтетін Д. атты азаматтың жазасын жеңілдетпекші болған. Процессуалдық келісім жасау арқылы оның жазасын женілдетемін деп жәрдем көрсеткені үшін одан 325 мың теңге көлемінде пара алған. Сот үкімімен Көксу ауданының Ішкі істер басқармасының тергеушісі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігімен («Пара алу») кінәлі деп танылды. Мүлкі тәркіленді. Мемлекеттік қызметте лауазымдық қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айырылды. 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.