Футболдан Қазақстан құрамасы Түркіменстанды жеңді

Матч жабық жағдайда өтті.

Футболдан Қазақстан құрамасы Түркіменстанды жеңді
1bol.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін, 14 наурызда Түркіменстанмен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

14 наурыз күні Түрікменстан құрамасымен жабық жолдастық ойын өтті. Ол телеарналар арқылы көрсетілген жоқ.

Кездесу барысында қазақстандық футболшылар қарсылас құрама қақпасына жауапсыз екі гол соқты. Ел құрамасынан Ислам Чесноков 2, Александр Зуев 47-минутта мергендік танытты. Осылайша олар қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.

Екі құрама бұған дейін үш мәрте кездесті. Біреуінде қазақстандық футболшылар жеңіске жетсе, екеуінде тең нәтиже тіркелді.

Бұл ойын ұлттық құраманың Біріккен Араб Әмірлігінде оқу-жаттығу жиыны аясында ұйымдастырылып отыр. БАӘ-нің Дубай қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына ойыншылардың басым бөлігі жиналды.

Айта кетсек, Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін оқу-жаттығу жиыны 19 наурызға дейін созылады. Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында С жолымен 2024 жылдың 21 наурызында жартылай финалда сырт алаңда Грекиямен кездеседі. 

Жеңген жағдайда 26 наурызда тағы да сырт алаңда Грузия-Люксембург жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады.