745
«Қазақмыс» корпорациясының бөлім басшысы ұсталды
«Қазақмыс» корпорациясы заң бөлімінің басшысы бопсалады деген күдікпен ұсталды.
Ресми мәлімет бойынша, Қарағанды облыстық ПД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы «Қазақмыс»корпорациясының қызметкерін ұстаған.
«Қылмыстық кодекстің «бопсалау» бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС заң қызметі басқармасының орталық аймақтық заң басқармасының келісім-шарт және талап-арыздар бөлімінің басшысы ұсталды. Қазіргі уақытта А.М.Жұмабаевқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген "Қазақмыс" компаниясының хабарламасында.