Алматыдан 486 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді

Жер сілкінісі 14 наурыз күні сағат 13:36-да тіркелді.

Алматыдан 486 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді
aikyn.kz
799

Алматыдан 486 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлады turkystan.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 14 наурыз күні сағат 13:36-да жер сілкінісін тіркеді.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 486 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы —11,4. MPV магнитудасы — 5.0. Координаттары 42,14°с.е. 82,65° ш. б. Тереңдігі — 5 км», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары