Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, 8 адам зардап шекті

Оқиға «Самара-Шымкент» автожолының Өлке ауылы маңында болды.

Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, 8 адам зардап шекті
Ақтөбе облысы ПД

«Самара-Шымкент» тасжолында жол-көлік оқиғасы болып, адамдарға көмек көрсету үшін жедел жәрдемнің 5 бригадасы жіберілді.

Оқиға «Самара-Шымкент» автожолының Өлке ауылы маңында болды. Лада Ларгус және Тайота Эстима автокөліктері соқтығысып, екі автокөліктің де жүргізушісі және 6 жолаушы түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жатқызылды.

- Тексеру барысында екі автокөліктің де жүргізушісі бұған дейін әкімшілік жауапқа тартылған болып шықты. Олар 12 және 13 наурыз күндері жол қозғалысы ережелерін бұзған, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрбол Тымпиевтің айтуынша, оқиға орнына бірден 5 бригада жіберілген. Оларды дәрігерлер қарап жатыр.