Алматыда ағаш бірнеше көліктің үстіне құлады

Кем дегенде жеті көлік зақымданған.

Алматыда ағаш бірнеше көліктің үстіне құлады
Instagram/kris__p__almaty

Алматыда 13 наурыз күні таңертең ағаш бірден бірнеше көліктің үстіне құлады, деп хабарлады turkystan.kz.

Төтенше жағдайлар департаменті жүргізушілерге көліктерін ағаштың астында қалдырмауды сұраған үндеу жариялады.

Zakon.kz сайтының мәліметінше, әлеуметтік желіде пайда болған видеоның сипаттамасында оқиғаның таңғы сағат 7:00 шамасында 9-шы шағын ауданда болғаны айтылған. Кем дегенде жеті көлік зақымданған көрінеді.

«Төтенше жағдайлар қызметіне бұл факті бойынша ешқандай шағым түскен жоқ», – деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД.

Бұл ретте департамент көлік иелерінен жауын-шашынның көп болуына байланысты көліктерін ағаштардың, электр желілерінің және басқа да асып тұрған құрылыстардың астында қалдырмауды сұрады.