Шри-Ланкада қазақстандық жасөспірім қайтыс болды

Қайтыс болған Қазақстан азаматы 2-3 жылдан бері Шри-Ланкада тұрған.

Шри-Ланкада қазақстандық жасөспірім қайтыс болды
Шри-Ланка. Фото: srilankagood.ru

Шри-Ланкада Қазақстанның он алты жастағы азаматы қаза болды. Қазір марқұмның денесін елге жеткізу үшін әуе компаниямен келіссөз жүргізіліп жатыр. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Қазақстанның Үндістандағы елшілігіне кәмелетке толмаған қазақстандық Шри-Ланка ауруханасында ауыр хәлде жатыр деген ақпарат түскен.

Ол жансақтау бөлімінде бес күн жатты. Дәрігерлер қолдан келгеннің барлығын жасады. Өкінішке қарай құтқару мүмкін болмады. Қазір біздің консул баланың ата-анасымен байланыста. Барлық құжаттар рәсмделіп жатыр. Денені Қазақстанға жеткізу үшін арнайы әуекомпаниямен келіссөздер жүргізіліп жатыр, - деді Айбек Смадияров.

Айта кетейік, қайтыс болған Қазақстан азаматы 2-3 жылдан бері Шри-Ланкада тұрады.