Алматыда автобустар соқтығысып, 6 адам зардап шекті

Жол апаты 10 наурыз күні сағат 09:00 шамасында Алатау ауданында болды.

Алматыда автобустар соқтығысып, 6 адам зардап шекті
freepik

Алматыда екі жолаушылар автобусы соғылып, салдарынан алты адам зардап шекті.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 10 наурыз күні сағат 09:00 шамасында Алатау ауданында болды.

«Бекболат және Новостройка көшелерінің қиылысында №75 және №102 бағыттағы автобустар соқтығысты. Алдын ала болжам бойынша, №75-автобус жүргізушісі қауіпсіз арақашықтықты сақтамай, аялдамада тұрған қоғамдық көлікті соққан. Сол сәтте автобустан жолаушылар түсіп жатқан»,- деп хабарлады полициядан.

Жол апаты салдарынан алты адам зардап шекті.

Аталған факт бойынша Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.