Лицензиялық турнир: Асланбек Шымбергенов ширек финалда жұдырықтасады

Ол түркіменстандық Байрамдұрды Нұрмұхамедовпен сайысқа түсті.

Лицензиялық турнир: Асланбек Шымбергенов ширек финалда жұдырықтасады
Асланбек Шымбергенов. Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергенов ширек финалға жолдама алды. Қазақстандық боксшы 71 келі салмақта 1/8 финалда түркіменстандық Байрамдұрды Нұрмұхамедовпен сайысқа түсті.

Бірінші раундта Асланбек сауатты ойын көрсете білді. Қарсыласына соққыны дәл жасап, ұпай қорын молайтты.

Нәтижесінде төрешілер бірауыздан оның жеңісіне қолдау білдірді.

Екінші және үшінші раундта түрікменстандық боксшының белсенділігі байқалды.

Десе де, жалпы көрсеткіште Асланбек Шымбергенов жеңіске жетіп, ширек финалға шықты.

Асланбек Шымбергенов 1993 жылы дүниеге келген. Қазірге дейін 2023 жылғы әлем чемпионатында алтын медальға ие болды.

Сондай-ақ, 2022 жылы Азия чемпионы атағын жеңіп алды.