Цифрлық даму министрлігі қазақстандықтарға мәлімдеме жасады

Министрлік тұлға жеке деректеріңізге қол жеткізуге келісім бермесеңіз ақпараттық қауіпсіздік комитетіне шағымдануға шақырды

Цифрлық даму министрлігі қазақстандықтарға мәлімдеме жасады
Ашық дереккөз
912

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі микрокредиттік ұйымның кесірінен жеке деректердің таралып кетуі туралы хабарлама алған қазақстандықтарға мәлімдеме жасады, деп жазады turkystan.kz nege.kz-ке сілтеме жасап.

Министрлік тұлға жеке деректеріңізге қол жеткізуге келісім бермесеңіз ақпараттық қауіпсіздік комитетіне шағымдануға шақырды.

Егер сіз жеке деректеріңіздің тарағаны туралы хабарлама алсаңыз және сіз "Займер" микроқаржы ұйымының клиенті болмасаңыз, жеке деректеріңізге қол жеткізуге келісім бермесеңіз, жағдайды одан әрі нақтылау үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне шағымдануыңыз керек. Бұл сіздің қауіпсіздігіңіз үшін қажет, - деді министрлік өкілі Альбина Атен.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекеттік техникалық қызмет мамандары "Займер" микроқаржы ұйымының клиенттері саналатын қазақстандықтардың жеке деректеріжарияланып кеткенін анықтаған.

Серіктес жаңалықтары