Ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыста жолдар жабылды

Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне енгізілді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыста жолдар жабылды
КазАвтоЖол

10 наурыз сағат 10.00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

Қызылорда облысында жалпы ұзындығы 204 шақырым болатын 1 автожол. 

«Қызылорда-Павлодар» - Қызылорда қаласы - Ұлытау обл.

Ұлытау облысында жалпы ұзындығы 208 км болатын 1 автожол. 

«Қызылорда-Павлодар» - Қызылорда облысы-Талап кенті.

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда күтіп ұстау жұмыстарына 232 техника және 316 адам жұмылдырылды.