Қостанай қаласында техникалық қызмет көрсету станциясының екі қабатты ғимараты отқа оранды, деп жазады turkystan.kz.
Тілсіз жау кеше сағат 21:11-де оқшауланған. Оқиға орнында ТЖД жеке құрамының 45 адамы және 12 техникасы жұмыс істеді.
Өрт сөндірушілер жанып жатқан ғимараттан көлемі 27 литр болатын 6 газ баллонын алып шықты.
Өрт сағат 22:54-те сөндірілді. Жалын 291 шаршы метр аумақты шарпыған.
Құтқарушылар келгенге дейін жедел жәрдем бригадасы өрттен зардап шеккен екі адамды ауруханаға жеткізді.