Елімізге жыл басынан бері 640 тоннаға жуық гүл әкелінген

Гүлдің негізгі импорттаушылары Эквадор, Нидерланды, Колумбия, Қытай, т.б. елдер.

Елімізге жыл басынан бері 640 тоннаға жуық гүл әкелінген
Cvety.ru

Жыл басынан бері елге 12 млн дана гүл әкелініпті. Бұл шамамен 640 тоннаға жуық. Бұл туралы turkystan.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегіне сүйенсек, импортталған өнімге 5 млн доллар жұмсалыпты. Әсіресе раушан гүлдеріне сұраныс көп. Оның үлесі 9 млн-нан асқан. Құны 3,4 миллион долларға жуық. Тізімді хр-зантема жалғайды. Оның 1 млн данасы қуаныш иелерін қуантқан. Қалампырды да жақсы көретіндер көп боп шықты. 9 тоннасына 68 мың доллар жұмсалды.

Гүлдің негізгі импорттаушылары Эквадор, Нидерланды, Колумбия, Қытай, т.б. елдер.

Бір жылда елдегі гүл бағасы 8% қымбаттады. Оған тасымал шығындары да әсер еткен. Ішкі өндіріс те қарқынды. Былтыр 17,6 млн гүл жиналған. Олар 13 аймақта өсірілді.