Бибігүл Төлегенова қазақстандық әйелдерді мерекемен құттықтады

Ол әйелдерге табыс пен абырой, ал елімізге тыныштық тіледі.

Бибігүл Төлегенова қазақстандық әйелдерді мерекемен құттықтады
Бибігүл Төлегенова. Фото: stan.kz

Қазақ опера әншісі, актриса, педагог, КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенова әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ол әйелдерге табыс пен абырой, ал елімізге тыныштық тіледі.

"Қадірлі әйелдер, әдемі келіншектер, апалар-әжелер, кішкентай шөбере-балапан қыздар! Баршаңызды 8 наурыз мерекесімен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, табыс-абырой, береке тілеймін. Өмір жастарың ұзақ болсын, аспанымыз ашық болсын! Тыныштық болсын, іштегі жау, сырттағы жаудан сақтасын. Бақытты өмір сүрейік. Қашан да болса, осындай мерекелерді қуанышты дастарханда қарсы алайық. Мереке құтты болсын! Аман-есен болыңдар! Келесі мерекелерді қарсы алуды жазсын", - деді ол.