Лицензиялық турнир: Тағы бір боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды

Ол Олимпиада лицензиясына бір қадам қалғанда сүрінді.

Лицензиялық турнир: Тағы бір боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды
Римма Волосенко. Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде бүгін екінші боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды.

Нақтырақ айтсақ, әйелдер арасында 60 келіде ел намысын қорғап жатқан боксшымыз Римма Волосенко төртінші жекпе-жегінде, яғни ширек финалда Словакия спортшысы Мирослава Жединаковаға төрешілер шешімімен есе жіберді.

Жерлесіміз осылайша Париж олимпиадасының жолдамасына сынық сүйем жер қалғанда сүрінді.

Айта кетейік, кеше шаршы алаңға алғаш рет шыққан Жайна Шекербекова да 1/16 финалда Нигерия өкілі Шукура Каримге есе жіберіп, жарысты аяқтаған болатын.