Лицензиялық турнир: Жайна Шекербекова жарыс жолынан шығып қалды

Жайна Шекербекова алғашқы айналымда нигериялық Шукура Каримиге есе жіберді.

Лицензиялық турнир: Жайна Шекербекова жарыс жолынан шығып қалды
Жайна Шекербекова. Фото: Қазақстан бокс федерациясы
968

Бокстан Италияда өтіп жатқан лицензиялық турнирде Қазақстан командасының бір боксшысы жарысты аяқтады.

Әйелдер боксынан 54 келі салмақта сынға түскен Жайна Шекербекова алғашқы айналымда нигериялық Шукура Каримиге есе жіберді. 

Қазақстандық боксшы екінші раундта нокдаун алып, жекпе-жек қорытындысы бойынша нигериялық боксқы келесі айналымға өтті. 

Айта кетелік, бұл Қазақстан командасы Италия турниріндегі алғашқы жеңілісі. 

Серіктес жаңалықтары