Мақсат Базарбаев алғаш сахнаға шыққан кезін есіне алды

Әншінің өнерде жүргеніне – 23 жыл.

Мақсат Базарбаев алғаш сахнаға шыққан кезін есіне алды
Stan.kz

Сахнадан жиі көрінбей жүрген әншілердің бірі – Мақсат Базарбаев. Өнер иесі өнерден тыс немен айналысып жүргенін баяндап берді. Бұл туралы turkystan.kz Stan.kz ақпарат агенттігінесілтеме жасап хабарлады.

Әншінің өнерде жүргеніне – 23 жыл. “Музарт” тобының негізін қалаушылардың бірі әрі экс солисі. 

Бала күнімнен бері сахнада жүрмін. Алғаш рет сахнаға шыққаным есімнен кетпейді. “Сыған серенадасын” домбырамен айтатын болдым. Менің атымды хабарлап жатқанда ортаға микрофон әкелді. Соған аяғым дірілдеп әрең жеттім. Жеттім-ау дегенде әнімнің сөзін ұмытып қалдым. Домбырамды бір-екі минут шерткеннен кейін есіме түсті. 1998 жылы үлкен сахнаға шыға бастадым. Алғашында "Бауыржан шоу" театрында әнші, актер болдым. 2001 жылы "Музарт" тобын құрдым. Топтың аты 6 айға дейін қойылмады. Үштік болдық. Ең алғаш "Сенің көзің" деген әнді жаздырдық. Студенттер арасында танымал болып, халық жақсы қабылдаса топтың ғұмырын жалғастырамыз дедік. Міне, топтың өмірі сүріп жатқанына – 25 жыл. Арамызда Мейрамбек Бесбаев көшбасшы, лидеріміз болды. Онымен бірге ән айтқаныма бақыттымын. Жігіттермен әлі күнге дейін араласамыз. Бет жыртысып кетпедік. Қандай қуаныш, қайғы болмасын, біргеміз. Байланыстамыз, – деп ағынан жарылды өнер иесі.