Лицензиялық турнир: Сәкен Бибосынов кезекті рет жеңіске жетті

Ол 1/8 финалға жолдама алды.

Лицензиялық турнир: Сәкен Бибосынов кезекті рет жеңіске жетті
Сәкен Бибосынов. Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирдің төртінші күні 51 келіде сынға түскен әлем чемпионы Сәкен Бибосынов 1/16 финалда Кения спортшысы Дэвид Каранча Мачарианы төрешілердің бірауыз шешімімен жеңді.

Еске салсақ, бұған дейін Бибосынов гонконгтық Каннет Чун Хим Танмен қолғап түйістіріп, қарсыласын үшінші раундта техникалық нокаутпен тізе бүктірген болатын.